CaspianLife, 12 маусым — Жақын арада Маңғыстау облысында «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылады, деп хабарлайды Caspian Life.
Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының мәліметінше, шілде айында жол қауіпсіздігін бейнебақылаудың зияткерлік жүйесі Ақтау қаласы мен Мұнайылы ауданында жұмыс істеп бастайды. Қазақстандық әзірлеушілердің «Сергек» өнімін орнату бірінші кезекте жол-көлік оқиғалары мен жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған. Ақтауда мұндай мақсатта 638 камера, Мұнайлыда 500 камера орнатылды.
Құны 6,6 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобаның келісім-шарты 5 жылға жасақталған. Камераны әзірлеушілердің айтуынша, жазбалар 30 күн сақталады. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғандар төлеген айыппұл жергілікті бюджетке жіберіледі.
Фото: lada.kz