CaspianLife, 9 маусым — Атырау-Астрахань жолының пайдалануға берулген бөлігі қайта жасалатын болды, деп хабарлайды CaspianLife.
Көк ала шаң, ойдым-ойдым жол. |Атырау-Астрахань жолының бойында жасалып жатқан жұмыс көрінбейді,- деп жүргізушілер ренжулі. Ата-анасын бабасының басына құран бағыштауға алып келе жатқан Бауыржан Қайырденовтің көлігінің жүріс бөлігі бұзылған. Енді жолай кездескен жандар сүйрелеп келеді.
«Алысқа бара жатқан ештеңе жоқ. Жақын жерге келе жатырмыз.Жол көріп тұрсыздар ғой, қандай екенін, кішкентай жерге жете алмай сүйретіліп келе жатырмыз. Жасалып жатыр, бірақ қала жағы жасалып жатыр, бер жағында жұмыс жоқ жүріп жатқан. Халықтың көзімен көргенде сол. Хходовойы кетіп қалды жолдан тоқтап сүйреп келе жатыр» — деді Атырау облысының тұрғыны Бауыржан Қайырденов.
«Жолдың құрылысына көңіл толмайды. Биыл бітіреді деген жылы ғой. Көк ала шаң, су шашпайды. Машинамыздың ходовойы тарсылдап жүріп жатырмыз. Бұл жол биыл бітеді дегенде сенбеймін. Құрылыс жүріп жатқаны байқалып тұрған жоқ. Әр жерде 1-2 трактордан тұрады. Бірақ жасап жатқан адамдар көрінбейді» — деді Атырау облысының тұрғыны Ерқанат Бисенғалиев.
Құрылысқа тек жүргізушілердің емес, жол сапасын бақылайтын мамандардың да көңілі толмайды. Кемшін тұсы көп. Мәселен, тексеріс нәтижесінде 2 шақырымға тарта жол қайта төселетін болыпты. Себебі құрылыс кезінде жол тегістігі сақталмаған.
«648, 693 шақырымында жол жабындысының тегістігі сақталмағандығы, төменгі қабатының, сондай ақаулықтар анықталды. Ол жерде «Тодини» деген компания Аққыстау ішілік жол салынған уақытта жол жабындысының төменгі қабатынан анықталған. Ол арнайы аспап арқылы анықталады. Бізде жылжымалы жол зертханасы бар, сол жылжымалы жол зертханасымен жүріп өткен кезде 1 км 700 м жер қайта жасалуға жатады қазіргі уақытта» — деді «Жол активтері» Ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы Нұрлан Жантөрин.
Биылғы жол құрылысы сәуірдің ортасында басталған. Содан бері 25 шақырым төменгі қабаты төселіпті. Жұмысты жалғастыруға қиыршық тастың жеткіліксіздігі себеп,- дейді мамандар. Қиыршық тас көршілес Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан тасымалданады. Вагон тапшылығы, өткізу мүмкіндігінің төмендігі қолбайлау болып тұр.
«Биылдың өзіне 2 млн тонна керек. Сол 2 млн тоннаның бізде 28 мың полу вагон қажеттілігі, қазір алып жатырғанымыз 7 мыңнан астам, енді 21 полувагон қиыршық тас бізге керек. Осы мәселені шешу қазір ең басты мәселе. Егер бізге қиыршықтас келетін болса , өз өлшемдерімен әр учаскеде екінші фронт ашуға да болар еді. Екінші де, үшінші де ашуға болады. Бірақ ол технкиаоын алып келесің, адамды алып келесің. Жұмыс жасайтын қиыршық тасың жетпесе смысл болмайды» — деді «Қазавтожол» ҰК АОФ директоры Болатбек Айтпаев.
Дегенмен мамандар құрылыс кестеге сай жүріп жатыр,- дейді. Айтуларынша, бөлінген 56 млрд теңгенің 30 пайыздан астамы игерілген. Жыл соңына дейін төменгі қабатты төсеп, жолды толықтай ашпақ.