CaspianLife, 9 маусым — Атыраулық шығармашыл жастар қайда жүр? Оларға қандай қолдау керек? Осы және өзге де сұрақтар «We Talk: шығармашыл жастарды қолдау» тақырыбында өткен кездесуде талқыланды, деп хабарлады CaspianLife.
Облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жиынның басты мақсаты — шығармашыл жастарға қажетті диалог алаңын қалыптастыру арқылы олардың одан әрі дамуына ықпал ету. Жастардың өздері шығармашылық орта саналатын Алматыға кететін жігіттер мен қыздардың қазір азайғанын айтады. Өйткені Атырауда жүріп-ақ дамуға болатынына көптің көзі жеткен.
Алдағы уақытта поддержка болса, қаладағы инфраструктураны жақсартса, жақсы сахна салса, бәріне доступно болатындай. Мен естіп жатырмын, бөлініп жатқан гранттар, оқулар бар. Соны көбірек жастар естісе екен деймін. Пабликтерге сала ма көп жастың жеткенін қалаймын. Сол гранттарды алу үшін жолдар бар ғой бюрократия бар, соны түсіндіру керек немесе жеңілдету керек деген сұранысым бар — деді Kilen Creative Hub шығармашылық ұйымының менеджері Нұрсұлтан Зиядаев
Шығармашыл жастардың саны біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін. Себебі, кейбірі өз бетінше, жеке дара жүріп-ақ дамығанды жөн көреді. Барлығын бір жерге жинап, шығармашыл орта қалыптастырып, оларды дамыту алдымызда тұрған үлкен міндет. Және оны көпшілік білу керек дейді жастар. Әкімдік «КВН», «Жасыл ел» жасағы сияқты жобалардан өзге шығармашылық жолында жүрген адамдарға қолдау көрсетеміз деп отыр.
«Атырау жастары», « Сарайшық обгрейд» тағы да бірнеше жобалар бар. Олар осы жылы бастау алып жатыр. Қазіргі уақытта бәрі мемлекеттік сатып алу порталында. Бірақ, көп ұзамай олардың қорытындылары шығып, оларды бастап кетуге негіз болады деп есептеймін. Музыкалық бағытта шығармашылық жастарды қолдау бар. Суретшілеріміз, басқа да жастарымызды қолдайтын жобаларымыз бар — деді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова
Әкімдік өкілдері осыған дейін кәсіп бастаған және бизнесте өзін сынап көргісі келетін жастармен кездесіп, істеліп жатқан мен мүмкіндіктер туралы айтқан еді.