CaspianLife, 7 маусым — Су тапшылығы, энергия көзін үнемдеу, экологиялық апаттардың алдын алу, экологиялық көрсеткіштерді оңалту, деп хабарлады CaspianLife.
Осы мәселелер «Атырау экология диалогы: Қоғам және өнеркәсіп. Қоғам игілігі жолындағы серіктестік» тақырыбында өткен конференцияда айтылды. Өкінішке қарай, өндірісі жыл сайын дамып жатқан Атырау аймағында экологиялық мәселе шаш етектен. Ал оны шешу үшін билік осындай іс-шараларды жиі өткізіп, сол арқылы қоғамның ұсыныс-пікіріне құлақ түрмек.
Ластаушы заттарды азайту,бұл – үлкен мәселе. Екінші мәселе – спикерлер айтты ғой, Каспий теңізінің түсіп жатқанын көрсетті. Яғни, біздің тарапымыздан су тұтыну көлемін азайтуға арнайы бағдарлама Қазмұнайгазда әзірленіп жатыр — деді «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев
Жиында сөз алған облыс басшылары кәсіпорындар жаңа технологиялармен жұмыс істеу арқылы, қоршаған ортаға барынша зиянын тигізбеуге тырысу керек деп отыр.
Алдымызда полиэтилен, бутадиен сияқты үлкен кәсіпорындарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осы жерде өңірімізге ең басты мәселе өнідірстердің табиғатымызға, ауамызға, суымызға т.б. нәрселерге ықпалы қалай болмақшы? Әрине, өндірістің дамуымен бірге технологиялар да дамып жатыр. Сондықтан біз осы сәтті пайдалана отырып, өнідірістерде жаңа технологияларды пайдалануымыз керек — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов
Қазіргі уақытта Атырау облысындағы маңызды мәселе – Жайық өзені арнасының тартылып, Каспий теңізінің жағадан қашықтауы. Әкімдіктегілердің сөзіне сенсек, соңғы 7 жылда Каспий теңізінің деңгейі 2 метрдей төмендеп, су жағадан 25 шақырымға алыстап кеткен.
Жайық және Қиғаш өзендерінің гидрологиялық жағдайын жақсарту мақсатында арналарын 295 шақырымда түп тереңдету жұмыстары басталды. Сонымен қатар, өзендеріміздің Каспий теңізіне құяр сағасын тазалау, тереңдету жұмыстарына ҚР резервінен 32,3 млрд. теңге бюджеттік өтінім дайындалып Қаржы министрлігіне жолданды — деді Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов
Былтыр облыс бойынша тұтынылған судың көлемі 300 миллион текше метр болса, оның 60 пайызы, яғни 160 миллион текше метрі өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған. Сондықтан жергілікті әкімдік ірі компанияларға пайдаланатын су көлемін 2025 жылға дейін ондаған пайызға азайту керектігін ескертті.