CaspianLife, 6 маусым — Атырауда 5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бірқатар маманға «Экология саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі мен Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары берілді. Сондай-ақ экология тақырыбында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту мекемелері арасында суреттер байқауы өтіп, 16 оқушы жеңімпаз атанды. Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Өзім осы экология саласына 1994 жылы келдім. Сол уақыттан бастап көтеріліп келе жатқан, ол кездері Қашаған кен орны, солтүстік Каспий жобасын іске асыру мәселесі тұрды, сол кездерден бастап біздер жас маман ретінде соның басында жүрдік. Су ресурстарын мемлекеттік бақылау, мониторниг жасау, сол салада енді біздер сенген жоқпыз, осы уақытта осындай кен орыны тұрады Каспий теңізінде деп. Соның экологиясына аса мән беруге, ерекше қорғалатын аймақ болғаннан кейін қоршаған ортаға мейлінше аз залал келуіне сол салада қызмет атқардық – деді экология саласының ардагері Уәлихан Еламанов
БҰҰ белгілеген және жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған орта күні барлық экологтар мен табиғатты қорғау ұйымдары үшін әлемдік жұртшылықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аударудың, сондай-ақ саяси қызығушылықты және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларды ынталандырудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аталған мереке 1972 жылы 15 желтоқсанда Стокгольм қаласында жарияланды.