CaspianLife, 1 маусым –«Аманат» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы осы жолы Жылыой ауданында өтті, -деп хабарлайды сaspianlife.kz Комиссия мүшелері тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан және заңсыз пайдаланылып отырған жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында жасалып жатқан жұмыстарды талқылады. Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының айтуынша биыл 35 000 гектар жерді мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.