CaspianLife, 23 мамыр — Атырауда айналма жолдың құрылысы басталды деп хабарлайды caspianlife.kz.
Айналма жолдың жалпы ұзындағы шамамен 26 шақырым. Ол республикалық «Атырау-Орал» трассасын «Атырау-Ақтау» автомагистриалімен жалғастырады. Жол қиылыстарында жолайрықтар және көпірлер болады. Мұндағы басты мақсат — Ресейден келетін транзиттік көліктердің қала ішіне кірмеуін қамтамасыз ету. Себебі ауыр жүк көліктері тар көшеде кептеліс туғызады әрі жол сапасының одан әрі нашарлауына әсер етеді. Мамандар салынып жатқан «Солтүстік айналма жол» біраз мәселенің түйінін шешеді дейді.
«Айналма жол «Атырау-Астрахань», «Атырау-Орал», «Атырау- Индер», Атырау-Доссор» байланыстырады. Бұл жол қаланың ішімен жүруге мәжбүр ауыр жүк көліктеріне облыс орталығына кірмеуге мүмкіндік береді. Біздің мекеме құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстайтын болады. Қазіргі кезде топырақ төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы жұмыс 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс» ,- деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ инженері Дәурен Кенжешев.