CaspianLife, 17 мамыр — Жыл басынан бері атыраулық полицейлер жасөспірімдерге қатысты 733 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды CaspianLife.
Кәмелет жасына толмағандардың көбі түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүруді ұнататын көрінеді. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі және құқықтарын қорғау туралы комиссия отырысында айтылды. Былтыр комиссия 116 іс-материалды қарап, 2 баланы Ақтау қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналыстыру туралы шешім қабылдаған. Және 7 ата-ананың ата-аналық құқықғын шектеп, біреуін құқығынан айырған, 47 ата-анаға ескерту берген. Ал биыл 47 жасөспірімге қатысты іс қаралған.
«Оның ішінде 3 кәмелекетке толмаған ұзақ уақыт бойы сабаққа бармай, оқудан жалтарған және девиантты мінез-құлық әрекеттері үшін жасөспірімдерді арнаулы мектепке орналастыруға комиссияның тиісті қаулысы шығып, істері сотқа жолданды. 8 ата-ананы баланың тәрбиесі мен білім алуы бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ата-ана құқығынан айыружәне шектеу туралы қаулысы шығып, сотқа жолданды. 4 жасөспірімге тәртібін түзеу үшін сынақ мерізімі берілді. 3 ата-ананы «Атырау облыстық наркологиялық дипансері бөліміне» 30 күн мерізімде ем қабылдауға жатқызылды» — деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.
Қазіргі уақытта қала бойынша 75 жайсыз отбасы ПД есебінде тұр. Осы жылдың 4 айында жергілікті полиция қызметі жасөспірімдердің қатысы бар 733 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, кәмелетке толмаған 39 баланың заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған.