CaspianLife, 17 мамыр — Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетілсе де төрт түлікті сумен қамтамасыз ету қиынға соғып тұр. Соңғы 2 жылда болған қуаңшылықтан кейін шаруалар жем-шөп пен субсидия ала бастады, деп хабарлайды CaspianLife.
2021 жылдан бері қаржыландыру көлемі 6 есеге өскен. Жалпы бұл саланы қолдау үшін қарастырылған қаржының сомасы 818 миллион теңгеден асты. Бірақ, шаруалар тіршілік нәрі тапшы болғандықтан әлі күнге дейін кәсібін қалыпқа келтіре алмай жүр. Солардың бірі, қуаңшылық кезде жүздеген бас ұсақ малынан айырылған – Құмар Нұрпейісова. «Әзірге қой-ешкінің санын көбейтуге тырыспаймын», — дейді шаруа.
«Күн ысығанда су қиындайды. Ойбайлап мен осы ешкім үшін деп бір-екі рет водокачкының қасында жылап тұрған кезім болды. СКЛ: Уже екі жылдан бері қуаңшылыққа қатысты субсидия аламын. Соны екі жылдан бері беріп отыр. Оның көп көмегі бар. Жем-шөп алғанда, жалпы қарайған көмегі бар. Енді соны шөп шықты деп тоқтатып тастамаса болды» — деді шаруа Құмар Нұрпейісова.
Диқандарды да су мәселесі тығырыққа тіреп отыр. Жылыжайы бар Қазым Байрам кәсібін кеңейткісі келеді. Бірақ, еккен еңбек еш кете ме деп қорқады. Егіншінің сөзінше, жарты жылдың ішінде жылыжайдан 10 тоннаға жуық көкөніс пен жеміс-жидек жиналған.
Біздің тәжірибеміз бойынша жер астынан су шығаруға мүмкіншілігіміз бар. Тұзды суды тұщы су етуге Түркиямен байланысымыз бар. Уже ОСМОС деген фильтрлеріміз бар. Осы суды шығарсақ Маңғыстау облысындағы ауыл шаруашылығында көмектесуге мүмкіндік болады» — деді жылыжай кешенінің басшысы Қазым Байрам.
Облыстық әкімдіктегілер өңірдегі су мәселесі 2025 жылға дейін толық шешіледі деп отыр. Бірақ, ол үшін 237 миллиард теңгедей қаражат керек.
«Шаруаларға жана айтып отырмынғо құдық қазуға мал шаруашылығына жеңілдіктер бар. Жасалып жатыр. Ол үшін 50 бас ірі қара, 500 бас қой болу керек, жері болу керек өзінің. Соған байланысты 85% құдық қазып беріп жатыр оған. Енді қазір біздің айтып отқанымыз егін шаруашылығына дәл осындай көмек болса дейміз. Ұсыныстарымызды да беріп қойдық жоғары жақтарға» — деді Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.
Жергілікті атқарушы орган агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қолға алынған шаралар әлі де жалғаса береді дейді. Ауыл шаруашылығы саласын жетік меңгерген мамандардың сөзінше, әр облысқа кешенді бағдарлама жасау керек. Сонда ғана атап айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.
Фото: 365info.kz