CaspianLife, 17 мамыр — Атырау қалалық полиция қызметкерлері Жайық өзенінің өзінде және оның жағалауындағы тексеріс жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұның бәрі жазғы мезгілде тұрғындардың суда және қайықта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтамауымен байланысты. Айта кетсек, мамыр айының ортасында әуесқой балықшыларға балық аулауға тыйым салынған еді.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді өзен жағасында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Осы орайда өзен маңын арнайы патруль қызметі күзетеді. Бұның барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін. Басты міндет қауіпсіздік ережелерін сақтаған тұрғындарды анықтап, ескерту» — дейді Қалалық полиция департаментінің аға инспекторы Нұрболат Сүлейменов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жыл сайын су көліктерінің саны өсіп келеді. Сонымен бірге көлікті құжатсыз басқаратындар мен жылдамдықты шектен тыс асыратындар азаймай тұр. Сондай-ақ Жайық жағасында алкогольдік ішімдіктер ішіп, су қауіпсіздігін сақтамайтындар, қоқыстарын жинамай кететіндердің де жоқ емес.