CaspianLife, 17 мамыр — Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде тарихшылар, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар студенттерге «Ұрпаққа аманат» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұндай іс-шараны AMANAT партиясының жанындағы Miras қоғамдық кеңесі ұйымдастырып отыр. Оқытушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы, Мағжан Жұмабаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы мен өмір жолы туралы баяндама жасады.
«Бұл жердегі негізгі мақсат – тарихи мұра, тарихи сананы жаңғыртып, жастарымызды бұрынғы тарихтан қозғап, саяси сауаттылығын арттыру. Елімізге деген отансүйгіштік сезімді ояту. Ол кісілердің шығармаларына деген қызығушылықты таныту. Алаш идеясынң насихаттау болып табылады» — деді Miras қоғамдық кеңесінің аймақтық төрағасы Сырымбек Сәрсембаев.