CaspianLife, 17 мамыр — Бүгін мамыр күні Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде облыс тұрғындары үшін “Ашық есік күні” өткізілді, деп хабарлайды CaspianLife.
Ашық есік күнінде тұрғындар келіп, сұрақтарын қойды. Атырау облысы тұрғындары мен мекеме қызметкерлері санитариялық қағидалар талаптарына түсінік беруді сұрады. Оған қоса,азық-түлік дүкендеріне,сауда орындарында өнімдерді сатуға қатысты толғандырған сұрақтарын жолдады.
Ашық есік күнінде келген тұлғаларға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құзыретіне кіретін мәселер бойынша Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Танауов Мәдениет Рашидұлы және Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гайнеденов Қанат Бақбергенұлы кеңес берді.