CaspianLife, 16 мамыр — Аралдағы құстар популяциясы ерекше қарқынмен кобеюде, деп хабарлайды CaspianLife.
«Каспий»теңізінің тартылып, «Шалыга» аралы аумағының ұлғаюы және браконьерлердің азаюы – мұндағы құстардың популяциясына ерекше әсер етуде, — дейді «Ақ Жайық» табиғи резерватының мамандары. Орнитологтар қазір бұл маңда қылаң қарабас шағаланың 5,5 мың, өгіз шағаланың 4 мың, үлкен суқұзғынның 1,5 мың және бұйра, қызғылт бірқазанның 200 жұбының бар екендігін айтады. Мамандар аралға апта сайын келіп, зерттеу-қадағалау жұмыстарын жүргізетін көрінеді. Содан да болар браконьерлік дерегі азайған. Әйтпесе екі-үш жыл бұрын көбейіп, мұндағы қанаттылардың өсіп-өнуіне кедергі келтірген еді, — дейді орнитологтар.
«Бүгінгі таңда құстардың өсіп-өнуі қалыпты жағдайда. Келгендегі негізгі мақсат құстардың ұя салуы мен көбеюін қадағалау еді. Барлығы қалыпты жағдайда екендігін көріп тұрмыз. Соңғы 4 жылда бұйра және қызғылт бірқазан мүлде болмаған, ал қазіргі кезде олардың ұя салып. көбеюі байқалады» — деді «Ақжайық» табиғи резерватының орнитологы Илья Бофонов.
«Ақ Жайық» табиғи резерватының акваториясына кіретін «Шалыга» аралын құстың 300-ге жуық түрі мекендейді. Олардың 110 түрі осы жерде ұя салса, 80-ге жуығы қыстайды, ал 106 түрі уақытша мекендейді.