CaspianLife, 15 мамыр — Атыраулық спортшы Әбіл Ғалиев Бангкокте муай-тайдан өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды CaspianLife.
Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан, Израиль мен Италиядан келген спортшылардан басым түскенмен, ақтық сында түркиялық былғары қолғап шеберінен ұтылып қалды. Жалпы чемпионатта ел намысын қорғаған спортшылардың үшеуі – атыраулық.
«Дайындығымызды Атырау қаласынан бастадық. Бірінші этап, сбор дейді ғой осы жақтан бастадық. Содан кейін Тайланд елінде островта екінші сборымыз болды. Екі аптаға созылған сбор сол жақта өтті. Одан кейін жарысқа бардық сразу. +Бапкерлеріме алғысыз шексіз. «Қайсар» спорт клубының бапкерлеріне үлкен алғыс айтқым келемін» — деді муай-тайдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбіл Ғалиев.
Әбіл Ғалиев қазан айында Тайландта өтетін Азия ойындарына лицензия алды. Жалпы әлем чемпионаты дода 3-14 мамыр аралығында болған еді. Байрақты бәсекеге 110 елден 2500-тен астам спортшы қатысты. 2 алтын, 1 күміс және 4 қола. Осындай нәтижемен қазақстандық спортшылар командалық есепте 6-шы орынға тұрақтады.