CaspianLife, 15 мамыр — Атырауда шахматтан 20 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мұндай ауқымды іс-шара облыста осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы ҚР-ның және Ғабдрахман Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80 шахматшы қатысуда.
«Бұл чемпионат деңгейі жағынан өте жоғары. Мұнда келген барлық шахматшы өте мықты. Барлығы да жеңіске лайық. Мен де жеңістен үміттімін!» — деді шахматшы Кристина Попандопуло.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге. Ол жеңімпаздардың арасында өзара бөлінеді.
Фото: Aikyn.kz
«Ең бастысы мұнда Қазақстан чемпионы 20 жасқа дейінгі жастар арасында осы жылы күз айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алып еліміздің намысын қорғайтын болады. Енді осы чемпионаттың құрамы өте мықты. Әр облыстың чемпиондары» — деді Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Гаисин.
Сайыстың қортындысы 21 мамыр күні белгілі болады.