CaspianLife, 12 мамыр — Исатай ауданына биыл екінші рет жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлайды Caspian Life.
Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымды Аслан Тұрғанов атқаратын болды.
Аслан Тұрғанұлы 1983 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Әр жылдары Жылыой және Исатай ауданы прокурорларының көмекшісі, Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Исатай ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі қызметін атқарған. 2019 жылдың сәуір айынан осы тағайындауға дейін облыс прокурорының ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі аға көмекшісі болған. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.