CaspianLife, 11 мамыр — Атырауда журналистің көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Caspian Life.
Полиция департаментінің дерегінше, оқиға бүгін сағат 04:21-де шамасында болған. Сол уақытта автопатрульдік экипаж Наурызалиев көшесінде өртеніп жатқан Lexus RX-300 машинасын байқаған.
Журналист Виктор Сутягин көлігін бейнебақылау камерасы арқылы күдікті адамды байқағандығын айтады.
«Сағат түнгі 12-лер шамасында шыққанымда ештеңе болған жоқ. Көршінің бейнебақылау камерасынан қарағанымда, сағат 02:24-те бейтаныс біреу көліктің капотына бір нәрсе жасапты. Сол мезетте жарылыс болған. Өзі де зардап шеккен шығар. Басқа ешкімге зиян келмеді. Көршілер көліктерін алып үлгерген», — дейді журналист.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ дейді полицейлер. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүруде.