CaspianLife, 10 мамыр — Атырауда 25 мыңға жуық тұрғын мүлік және көлік салығын төлемей жүр, деп хабарлайды Caspian Life.
Мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше, атыраулықтар жалпы сомасы салық бойынша 580 млн теңгеден астам қарызы бар. Оның 549,6 млн-ы көлік салығы бойынша.
«Берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады. Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы», — деп ескертеді департамент мамандары.
Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде мемлекет шекарасынан асуға тыйым салынуы мүмкін. Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.
Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.
Фото: dauletten.kz