CaspianLife, 5 мамыр – «Сарайшық» ауылындағы сапар орталығы ашылды. Оған өңірге іссапармен келген ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Музей-қорықтың аумағынан дәл осындай нысанның қажеттігі туралы бұған дейін сан рет айтылып, нақты жұмыс тек 5 жыл бұрын басталған еді. Кешенге келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда экспозияциялық көрме залы, қойма, археологиялық және қайта қалпына келтіру зертханасы, 100-150 орындық конференц-зал, кітапхана тіпті туристерге арналған қонақ үй де бар. Сапар орталығының құрылысы басталған кезде «Сарайшық» музей-қорығының қызметкерлері экспозицияны жасақтау жұмыстарын қатар жүргізді. Концепциясы жасақталып, республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаражат бөлінді. Сапар орталығының құрылысына 780 миллион теңге жұмсалды.