CaspianLife, 5 мамыр – «Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі», — деп хабарлайды сaspianlife.kz. Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес кезінде мәлім етті. Оның сөзінше, «олар тұрмысқа алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек». Әскери қызметшілерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау тек мұнымен шектелмейді. Зейнетақы мәселесі де кері қаралып жатыр. Бұдан бөлек, осы салада қызмет ететін оқытушылар мен дәрігерлердің де айлығы өседі.