CaspianLife, 3 мамыр – «Атырауда 15-16 жастағы жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті», -деп хабарлайды сaspianlife.kz. Оған Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Дағыстан, Шешенстаннан және еліміздің облыстарынан келген 300 спортшы қатысты. Олардың арасында әлем, Еуропа және Азия чемпиондары бар. Турнирді ұйымдастырған «Модернстрой» құрылыс компаниясы өкілінің сөзінше халықаралық дәрежедегі доданың Атырауда өткізілуі тегін емес. Өйткені спорттың осы түрі біздің өлкеде айтарлықтай дамымаған. Сондықтан алдағы уақытта дәл осындай турнир бізде жиі өткізілмек.