CaspianLife, 2 мамыр – «Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында газбен дәнекерлеуші қайтыс болды. Тағы бір жұмысшы ауруханаға түсті», -деп хабарлайды сaspianlife.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 сәуір сағат кешкі 5 шамасында «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының №5613/28 ұңғымасында «Великая Стена» БК ЖШС аумағында болған. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы басшылық ететін комиссия құрылып жатыр.