CaspianLife, 27 сәуір –Каспий теңізіне дизель отыны төгілген деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Мұндай ақпаратты Маңғыстау облыстық экология департаменті жариялады. Түпқараған ауданы Аташ елді мекені аумағында «Батыс Мұнай Транс» ЖШС жанында тұрған «КАНТА» кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей ұзын жолақ дизелдік отын төгілгендігі анықталған. Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандары судан сынама алынды. Тұрғындардың айтуынша, жағдай «Батыс Мұнай Транс» ЖШС тиесілі кемеден орын алған.Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары, ауыл әкімі, қоғам белсенділері бар бір топ оқиға болған жерге барып кеткен. Аудандық ішкі істер бөліміне хабарланды.Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары басталып кеткен. Депарменттің берген ақпаратқа сүйенсек, «НКОК» компаниясы тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото Маңғыстау облыстық экология департаментінен