CaspianLife, 24 сәуір – ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарадыдеп жазды ulysmedia.kz. Сот Кәрім Мәсімовті Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп таныды.
«Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза тағайындалды – мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 18 жылға бас бостандығынан айыру» деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.
Астана қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, К.Мәсімов пен А.Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, Д.Ерғожинге билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, М.Осиповке билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылған.
Сот шешімімен аталған үш бап бойынша да кінәлі деп танылған. Мәсімов мырза -18, А.Садықұлов — 16 жылға, Д.Ерғожин тағылған айыптарға сәйкес — 15 жылға, М.Осипов болса билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Сонымен қатар,барлығы генерал шендерінен және мемлекеттік наградаларынан айырылады.
Фото golosameriki.com сайтынан