CaspianLife, 24 сәуір – Мұқыр ауылындағы орталық саябақты күрделі жөндеу жұмыстары басталды деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиевтің айтуынша, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат 101 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл жұмысқа «Жайық Сити» ЖШС жауапты.
«Саябақ ішінде демалыс орындары, мерекелік шаралар өтуге арналған сахна, Ұлы Отан соғысынынан оралмаған жауынгерлерге арналған обелиск және ҰОС-на қатынасқан ардагерлердің тізім тақтасы, балалар ойын алаңы жасақталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмысы келесі жылдың соңында аяқталады. Жалпы саябақтың ауыл тұрғындары мен жастардың кешкі уақытта демалуына, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, шағын мерекелік шаралар өткізуге пайдасы зор»,- деді округ әкімі Азамат Жақсиев.
Қазіргі уақытта Қызылқоға ауданының халқы 30 мыңнан асады. Оның 5 мыңға жуығы Мұқыр ауылында тұрып жатыр.