CaspianLife, 20 сәуір — Атыраудағы №42-ші орта мектепте «Қадыр оқулары» өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Облыстық деңгейдегі дәстүрлі конкурс осымен бесінші рет ұйымдастырылып, оған 35 оқушы қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде балалардың ақынның шығармаларын қаншалықты білетіндіктері сыналды. Одан кейінгі турда қатысушылар Қадыр Мырзаәлінің сөзіне жазылған әндерді орындаса, үшінші кезеңде ақынға арнаған өз өлеңдерін оқыды.
Байқауға қатысқандардың бірі – қаладағы №16мектептің 7 сынып оқушысы Әли Темірхан. «Өнерге жақын болуыма әжем ықпал етті. Балабақшада жүргенде-ақ түрлі конкурсқа қатысуыма, дайындалуыма көмектесетін», — дейді өзі. Талантты жас болашақта актер әрі әнші болғысы келеді.
«Мен бүгін Нұрғиса Тілендиевтың «Өз елім» атты әнді айттым. Және Әсет Әлиеевтың «Туғанжер»әнін. «Туған жер» атты өлең болса ол өзі лирикаға жатады. Мен өзім подвижный өлеңдерге жақынмын. Лириканы таңдаған себебім – өзімді басқа жағынан сынап көргім келді» — деді оқушы Әли Темірхан.
Ұйымдастырушылар басты мақсатымыз – Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзаәлінің шығармашылығын насихаттау дейді.
«Жалпы оқушылардың қызығушылығы жоғары. Жақсы дайындықпен келген.+01:36 Жеңімпаз оқушыларымыз республикаға жолдама алады» — деді «Таланттарды қолдау және анықтау орталығы» КММ директорының орынбасары Жанар Сәрсенғалиева.
Қадыр Мырзаәлі 1935 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, 2011 жылы өмірден озды. 50-ден астам поэтикалық жинақтың, әдеби-сыни және балалар кітабының авторы. Көптеген өлеңі орыс, неміс, ағылшын, француз, қырғыз және басқа тілдерге аударылған.