CaspianLife, 20 наурыз — Жаңаөзендегі жарылыстан кейін үй-жайсыз қалған тұрғындар баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды CaspianLife.
Олар қазіргі уақытта туыстарының үйін жағалап жүр. Тұрғындардың сөзінше, бір бөлігі қирап қалған үйде тұру тұрмақ, оған жақындаудың өзі қорқынышты.
Жалпы 2 қабатты ескі үйде 12 пәтер бар. Алдыңғы күні болған жарылыстың салдарынан 4 пәтер қирап қалған еді. Осыған дейін бұл үйде 9 отбасы тұрды. Әкімдіктегілердің сөзінше, жергілікті мұнай компаниясы 9 жанұяға баспана сатып алып бермек. Зардап шеккендерге таңдау мүмкіндігі де беріледі дейді қала басшылары.
Ал қайтыс болғандарды жерлеу рәсіміне кететін шығынды әкімдік өз мойнына алмақ.