CaspianLife, 17 сәуір — Жаңаөзен қаласындағы екінші ықшам ауданда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды CaspianLife.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таңғы сағат 5 шамасында 2 қабатты тұрғын үйдің бір подъезі опырылып түсті. Болжам бойынша газ баллоны жарылған. Бүлінген аумақ көлемі 150 шаршы метрдей. Өрт болған жоқ. Зардап шеккен жандар дәрігерлердің қарауында. Қазір оқиғаның нақты себеп-салдары анықталуда. Оқиға болған жерде 50 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Және 10 техника жұмылдырылған. Өңірде жедел штаб құрылып, сенім телефоны іске қосылды.