CaspianLife, 14 сәуір — «ҚазМұнайГаз» ҰК жаңаөзендік мұнайшылардың талабын орындай алмайды. Бұл туралы арнайы комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Caspian Life.
11 сәуірде Астанада министрлік пен «ҚазМұнайГаз» және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілдері бар арнайы комиссия құрылды. Бүгінге дейін үш отырыс өткізген арнайы комиссияда «ҚазМұнайГаз» жаңаөзендік жұмысшылардың талабын орындай алмайтындарын жеткізді.
«БерӘлі» компаниясының бұрынғы жұмысшыларының басты талабы — «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа тұру еді. Алайда, компания өкілі бұл басқа жұмысшылардың құқығына қайшы келетіндігін айтты. Себебі, қазіргі уақытта АҚ-ға жұмысқа тұру үшін кезекте 9 мыңнан астам адам бар көрінеді.
Дегенмен, «ҚазМұнайГаз» «3+2» схемасы қосымша 2 жылға ұзартумен 3 жылға дейін келісімшарттар жасауға дайын.
Сондай-ақ, бұрынғы БМС қызметкерлері оларды «Бұрғылау» және «Мұнайфилдсервис» компанияларына жұмысқа орналастыруды, оларға жерасты жөндеу жұмыстарының қосымша көлемін беруді ұсынды. Алайда, бұнымен кәсіпорын басшылары келіспейді.
«ҚазМұнайГаз» конкурста жеңген компанияға барлық БМС экс-жұмысшыларын жалақы мен әлеуметтік пакетті сақтай отырып жұмысқа алуға дайын.
«Қазір жоғарыда аталған мәселелерді талқылау жалғасуда және тараптар қолданыстағы заңнама аясында келісімге келуге мүдделі», — деп атап өтті ҚМГ.
Фото: baribar.kz