CaspianLife, 14 сәуір — Атырауда төбелескен студенттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Caspian Life.
Оқиға 11 сәуір күні Атырау қаласындағы колледж жатақханаларының бірінің жанында болған. Желіде жасөспірімдердің құрдасын бопсалап, телефонын тартып алмақ болған видеосы тарады. Полиция департаментінің дерегінше, сотқар жасөспірімдер видеоны түсірген 16 жастағы баланы соққыға жыққан.
Қазіргі уақытта болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігі («Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған бұзақылық») бойынша тергеу жүргізілуде. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
17 және 16 жастағы күдіктілер №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді.