CaspianLife, 12 сәуір — Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Қашаған және Қарашығанық кен орындарын игеріп отырған операторлардың үстінен ҚР Үкіметінің сотқа арыз түсіргенін растады, деп хабарлайды Caspian Life.
«Бұған қатысты нақты түсінік бере алмаймын. Бірақ, Қазақстан халқының мүддесі үшін жасалып отырған әрекет. Іс бойынша қаралатын шығын көлемі 3,5 және 13 миллиард АҚШ доллары», — деді ол журналистерге.
Және ол Қазақстанның шетелдік инвестицияға қатты тәуелді екенін де айтып қалды.
«Келісім-шарттарды қайта қарауға қатысты айтар болсақ, бұл – халықаралық құқық деңгейіндегі мәселе. Біз елге инвестиция тарту жолдарын ойлауымыз керек. Еліміз инфрақұрылымға инвестиция тарту жағынан өзгелерге тәуелді. Қазіргі кезде әлемде білікті инвесторларды тарту жағынан бәсеке жүріп жатыр», — деді Сатқалиев.
Естеріңізге салайық, жуықта Bloomberg агенттігі Қазақстан үкіметінің елдегі ең ірі Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеріп отырған компанияларды арбитраж сотына бергенін жазған еді. Үкімет екі жоба серіктесін тендер рәсімін бұзды деп кіналап отыр. Ал Қашаған бойынша мердігерлер жұмысын толық орындамаған көрінеді. Және «жоба серіктестері Қашағанда 13 миллиард доллар, Қарашығанақта 3,5 миллиард доллар шығынды шегермеуі керек еді» деген уәж айтқан. Талап 2010-2019 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. Қазақстан билігі наурызда Женевада және Стокгольмде Қашаған мен Қарашығанақ ісін қадағалайтын өкіл тағайындаған.