CaspianLife, 12 сәуір — Құлсарыда тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады деп хабарлайды Caspian Life.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген. Қазіргі уақытта нысанды сүру жұмыстары жүріп жатыр.
Ескі ғимараттың орнына ауданы 1615,19 шаршы метр дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Жаңа нысанның жобасы дайын.
«Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС», — деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.
Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Жоспар бойынша құрылыс жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.