CaspianLife, 11 сәуір — Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлайды Caspian Life.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, «Мигрант» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде 4 сәуір күні Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2019 жылдан бері іздеуде жүрген 1975 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
48 жастағы шетелдік 2017 жылы жұмыс бабымен Қазақстан аумағына келіп, 2019 жылы аталған азаматтың туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Нүкіс қаласының ішкі істер бөліміне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған. Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 48 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін жинақтауда. Қазіргі уақытта, Өзбекстан Республикасының азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.