CaspianLife, 10 сәуір — Жақында еліміздегі ауыл тұрғындарының жағдайы жақсарып, жайлы өмір сүретін болды. Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойған.
Тұжырымдама елді мекендердің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған. Онда ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру үшін түрлі іс-шара қарастырылған. Кешенді жаңғырту бағдарламасы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 3,5 мың елді мекенді қамтымақ. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы ауылды дамыту басты мақсаттың бірі болмақ. Осы орайда ауылдық жерлерде жұмыскерлерге баспана салып берген жұмыс берушілердің шығындары субсидияланады. Сонымен қатар, шекараға жақын орналасқан елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Және ауылда кәсіп бастаған кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Осы бағытта қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табатын ауыл халқының үлесі 5,8%-ға, ал ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Тұжырымдама аясында ауылдағы ағайын сумен 100 пайыз, интернетпен 97% қамтылады. Көліктер емін еркін қатынай алатын жолдардың жағдайы 95%-ға жетпек. Ауылдық жерлерде 655 денсаулық сақтау нысаны, 183 мектеп және 100 спорткешені пайдалануға беріледі. 650 мәдениет нысаны салынып, жөнделеді.