CaspianLife, 7 сәуір —Атырауда дәрігерлергер науқастан 15 килограмдық ісік алды, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешевпен онкодиспансер бірлесіп, күрделі ота жасады. Науқастың диагнозы — ретроперитонеум саркомасы. Ортаңғы лапаротомия деп аталатын ота кезінде үлкен 15 кг-дық ісік алынды. Анастомоздарды қою арқылы сыртқы мықын артериясы мен сол жақта несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алып ретроперитонеальды ісіктер алып тасталды.