CaspianLife, 7 сәуір —Атырау облысында Жайық өзенінің жағалауын бекіту мерзімінен кешігуі мүмкін, — деп хабарлайды caspianlife.kz
Жайық жағасында орналасқан «Махамбет», «Талдыкөл» және «Алға» ауылдарын су басу қаупі жоғары. Осыған орай 2021 жылы жағалауларды бекіту жұмыстары басталған еді. Жобаны жүзеге асыруға 10 млрд 900 млн теңге шамасында қаражат қарастырылған. Оның жартысынан астамы игерілді. Бірақ жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, мердігер мекеме жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағандықтан, кестеден кешігіп жатыр. Қазір Жайық өзенінің көтерілуіне сәйкес жұмыс тоқтап тұр.