CaspianLife, 13 наурыз — 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн. 110,1 мың этникалық қазақ оралды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша Қазақстанға жыл басынан бері келген қандастардың жартысынан көбі (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – ҚХР – дан, 15,9% – Ресейден, 8,4% – Түркіменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% — ы басқа елдерден келген. Бұл ретте елге оралған этникалық қазақтардың 27%-ы Алматы, 16,6%-ы Маңғыстау, 7,1%-ы Түркістан және 3,6%-ы Жамбыл облыстарында, сондай-ақ 10,5%-ы Астана, 7,6%-ы Алматы және 6,5%-ы Шымкент қалаларында қоныстанғаны нақтыланды.
1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%, балалар 22,7% және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 20,1% жоғары білімі, 40,9% арнаулы орта білімі, 35,2% жалпы орта білімі бар болса, қалған 3,8%-ы еш жерде оқымаған.
Дереккөз: caspianlife.kz
Фото: @Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ