CaspianLife, 26 қаңтар — Атырауда ұстаздарға төленетін сауықтыру жәрдемақысына қатысты мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Салалық кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, мектеп есепшілері ақшаны педагогтың жасаған жұмысына қарап емес, тарификацияға сәйкес төлеп отырған көрінеді, деп хабарлайды CaspianLife.
«Мұғалім уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін және вакант сағаттарды екі айдан астам жалғастырған жағдайда, соның ішінде еңбек ақысы каникул кезінде де нақты педагогикалық жүктемемен төленуге тиісті. Ол үшін мұғалімнің еңбекшартына тарифке өзгерістер енгізу керек. Заменде осылай төленуі тиіс. Жұмыс берушілер мектеп директорлары біздің келісімді мойындағысы келмейді. Оларға ҚР ӘКК 3 тармақшасына сәйкес ұжымдық шарт заңды құқықтық акт болып табылғаннан кейін 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» — деді «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы.
Мұндай дау былтыр «Дамбы» өнер мектебі қызметкерлерінің басында да болған еді. Олар жүктемемен жұмыс істесе де, сауықтыруға қажетті төлем тарификация бойынша есептелген. Және толық төленбепті. Мұғалімдердің арыз-шағымынан соң еңбек инпекциясы мектеп әкімшілігіне 650 мың теңге айыппұл салып, қызметкерлерге тиесілі 10 миллион теңгені төлеуді міндеттеген. Білім беру басқармасы өздерінің қателік жібергенін мойындайды. Алайда қолдарындағы құжат басқаша әрекет етуге мүмкіндік берер емес. Оны елемейін десе, аудиторлар да айыппұл салуға дайын отыр. Ал оқу-ағарту министрлігі мен кәсіподақ арасындағы келісім басқаша жасақталған.
«Басшылардың ұстанып отырғаны заң. Сіздің айтып отырғаныңыз приоритет отраслевой соглашение негізгі болып саналады дейсіздер. Тексерушілердің сұрайтыны заң. Сондықтан, біз түсіндірме жұмысын жүргізіп, еңбек дауына жеткізбеуіміз керек» — деді Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуақасова.
Жуықта облыс әкімдігі аппаратының ішкі аудит қызметі ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР оқу-ағарту министрлігіне сауықтыру жәрдемақысын төлеу тәртібін нақтылауды сұрап хат жолдаған. Әзірге жауап келе қоймапты.