CaspianLife, 20 қаңтар — Алдағы уақытта кәмелетке толмаған балаларға паспорт алу арзандауы мүмкін. Бұл туралы мәжілістің қарауына берілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды CaspianLife.
«Ата-анасымен бірге шетелге шығатын 16 жасқа дейінгі балалар туралы паспортқа жазу талабы 2020 жылы алынып тасталды. Сол себепті балаларға паспорт жасалуы тиіс. Бұл отбасыға қаржы жағынан қиындық келтіреді. Осыған байланысты кәмелетке толмаған балаларға берілетін паспорттар үшін мемлекеттік бажды 27 600 теңгеден 13 800 теңгеге дейін төмендету және шет мемлекеттерге жиі баратын азаматтарға ыңғайлы болу үшін 48 беттік паспортты енгізу ұсынылады», — делінген құжатта.
Заң жобасына енгізілетін өзгерістер бекітілсе, 16 жасқа дейінгі балаларға берілетін 22 беттен тұратын паспорт – 13 800 теңге, 36 беттік паспорт – 27 600, 48 парағы бар паспорт – 41 400 теңге тұрмақ.