CaspianLife, 20 қаңтар — Атырауда мектеп директорының туберкулезбен ауыратындығы анықталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Ол қаңтардың басында өзінің салмақ жоғалта бастағандығын байқап, дәрігерге көрінген. Өкпесін рентгенге түсіргеннен кейін, өзгеріс бар екендігі анықталыпты. Бірақ, дәрігерге қаралмай, өздігінен ем қабылдаған. Кейін жұбайы учаскелік дәрігерге хабарласып, науқас тіркеуге алынады. Қазір ол облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ем қабылдап жатыр.
» Енді науқасымыз қазір облыстық фтизиопульмонология орталықта жатыр. Туберкулез таяқшасының бөлу түріменен ауырып жатыр. Оны жанағы өзінің тиісті аппараттарда, құрылғылар да анализдердің қорытындыларымен бекітілген. Бұл диагноз дәрігерлердің кеңесімен қойылады. Орталықтандырылған дәрігерлік кеңестің қорытындысымен анықталатын ауру», — дейді Атырау қалалық №4 емханасының директоры Еркін Сабыров.
Қазіргі кезде науқаспен тығыз қарым қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, тексеруден өткізілуде. Және жұмыс орны, үй-жайы да залалсыздандырылуда.