CaspianLife, 19 қаңтар — Еуропа елдерінде амоксициллин сияқты антибиотиктер, тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға қарсы дәрілер, балаларға арналған кейбір дәрі-дәрмектер дефициті туындады, деп хабарлайды CaspianLife.
Көптеген елдерде жағдай аса күрделі, бірақ мұндай тауарлар дәріханалардан мүлдем жоқ болып кетпегендіктен азаматтарға қор жасамауға кеңес беруде.
Дәрігерлер коронавирустан қорғану салдарынан халықта табиғи иммунитет әлсірегенін атап өтті. Сұраныстың күрт өсуінің негізгі себебі — өндірістік қуаттылықтың жетіспеушілігі мен респираторлық аурулардың көп таралуы. Фармацевтика мәселесі ұлттық деңгейде шешілгендіктен, үкіметтер тапшылықты жою үшін шаралар қабылдауда.
«Педиаторлық дәрі-дәрмектер қарапайым таблетка күйінде өте аз болады. Сондықтан балалар көп ауыратын жерде педиаторлық дәрі-дәрмектертерге сұраныс жоғары», — деді Еуропалық дәрілік құралдар агенттігінің бас медициналық директоры Штеффен Тирструп.
Жақында жүргізілген зерттеу Испанияда дәрі-дәрмек тапшылығы бір жылда 38%-ға өскенін көрсетті. Өндірістің төмендеуіне инфляция, энергия бағасының жоғарылауы, шикізат тапшылығы және пандемияның салдары әсер етті.
«Бізге диверсификация қажет. Әрине, белсенді ингредиенттер сияқты кейбір маңызды материалдарды өндіруді Еуропаға қайтару пайдалы болар еді. Бірақ біз дәрі-дәрмек үшін қолданатын барлық материалдар өндірісін қайтара алмаймыз. Бұл қоршаған ортаны қорғау туралы заңды, басқа аймақтарда міндетті түрде орындалмайтын еңбек туралы заңды орындауға байланысты дәріхана бағасының өсуі сияқты мәселелерді тудырады», — деді ЕО Фармацевтика тобының басшысы Илария Пассарани.
Еурокомиссия наурызда ЕО фармацевтика заңнамасының қайта қаралған нұсқасын ұсынады.