CaspianLife, 10 қаңтар — Атырау облысы Қызылқоға ауданында ірі қара мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан аумағында жедел-іздестіру шаралары кезінде Қоныстау ауылы тұрғынының далалық алқапта жайылып жүрген сиыр малының жоғалғанын анықтаған. Іздестіру шаралары нәтижесінде бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың алдын-ала сөз байласу арқылы мал ұрлағандығы белгілі болды. Күдікті аудан тұрғындары анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 181-1 бабы 3 бөлігі 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.