CaspianLife, 9 қаңтар — Атырау облысының 130 елдімекені кеңжолақты интернет желісімен қамтылған. Енді мұнайлы шаһардағы бірнеше шағын аудандағы интернет желісі жаңартылады, деп хабарлайды CaspianLife.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәліметіне сүйенсек, мұнайлы өңірде 153 елдімекен бар. Оның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес 130 елдімекенге интернет желісі жүргізілген.
«Атырау облысында бұған дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елдімекендерге интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бағдарламасымен 7 елдімекенге интернет желісі жүргізілді. Бұл – Индер ауданының Жарсуат, Құрылыс, Өркен, Исатай ауданының Нарын, Жаңа Жанбай, Құрманғазы ауданының Шағырлы, Ғ.Әліпов ауылдары. Аталған ауылдар Кселл байланыс операторының 3G және 4G технологиясы бойынша мобильдік интернетпен қамтамасыз етілді. Ал, былтырғы желтоқсан айында Құрманғазы ауданының Жамбыл және Афанасьев елдімекендері интернет желісіне қосылды», — деді Қарлығаш Бекбаева.
Оның айтуына қарағанда, биыл Атырау қаласындағы бірнеше шағын ауданында кеңжолақты интернет желісі жаңартылады. Нақтылай айтқанда, «Кар-Тел» ЖШС Еркінқала-2, Ақжар, Ақжар-2, Жұлдыз-3 шағын аудандарында жаңа базалық станциялардың қосымша құрылысын салуды жоспарлап отыр.Бұл мақала білікті бет маскасы өнімдерін тегін жеткізуді ұсынады немесе онлайн сатып алып, бүгін медициналық бөлімнен дүкеннен алыңыз