CaspianLife, 6 қаңтар — Биылдан бастап Атырау қаласына қарасты ауылдық округ басшылары санитарлық тазалық жұмыстарына тікелей өздері жауапты болады. Қаражат та өз бюджеттерінен бөлінуі тиіс. Нақты айтқанда жол жиегін, тротуарлар мен көгалдарды қоқыстан тазалау, көлік тоқтайтын жерлер мен павильондарды күтіп ұстау, жуу, сондай-ақ қоқысты полигонға жеткізу секілді шаруа ауыл әкімдерінің мойнында, деп хабарлайды Caspian Life.
Бұл жұмыстармен осы уақытқа дейін қала әкімдігі айналысқан еді. Жергілікті әкімдік былтыр Дамбы, Алмалы, Еркінқала, Қайыршақты, Кеңөзек ауылдық округтеріне қар тазалайтын арнайы құрылғысы және тіркемесі бар 5 трактор алып берген. Бұл үшін 119 милион теңге жұмсапты.
Естеріңізге салайық, жуықта өткен қалалық мәслихат сессиясында қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ 2023 жылдан бастап округ бюджеті мен техникасын әкімдердің өздері басқаратындығын айтқан болатын.