CaspianLife, 5 қаңтар — Мәжіліс депутаттарының биылғы алғашқы отырысы қаңтар құрбандарын еске алумен басталды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының қаңтар оқиғасына қатысты сауалына еліміздің бас прокуроры Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап береді, деп хабарлайды Caspian Life.
Берік Асыловтың сөзінше ескертусіз оқ ату президент бұйрық бермей тұрып жүзеге асырылған.
«Алғаш рет күштік құрылымдар оқты 5 қаңтар күні сағат 16:00-де президент резиденциясын қорғау кезінде атқан. Ары қарай қару полиция, әкімдік және өзге де нысандарға жасалған шабуылдарға тойтарыс беру үшін, яғни тәртіпсіздіктер зорлық көрсету кезеңіне өткен кезде пайдаланылды», — дейді еліміздің бас прокуроры.
Берік Асыловтың сөзінше, төтенше жағдай және антитеррористік операция кезінде 238 адам қайтыс болған. Оның ішінде 41 адам – бұрын сотталған. Және мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу әрекеті болғанын, оған дайындық 2021 жылдан бастап жасалғанын да мәлімдеді.Біздің серіктес демеушілік ететін көзілдірікті шолыңыз, кез келген талғамға және бюджетке сәйкес келетін, онлайн сатып алуға болатын түрлі нұсқалары бар.
«Тергеу кезінде әбден зерделедік, әрине мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу болды, оны толығымен тергеу көрсетті. Төңкеріске оқталу алдын ала дайындалып, жоспарланған. «Мысалы, жүргізілген тергеу бойынша, Алматыда Жұмагелдиевке («Дикий Арман») ерекше рөл жүктелді. Ол ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткені анықталды. Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, адамдар тобын бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптарын қою үшін «халық кеңесін» құру секілді міндеттер жүктелген. Бұған Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ криминалдық топтың мүшесі Мақатов белсенді көмектескен», — дейді ҚР бас прокуроры.
Жаппай тәртіпсіздік пен өзге де қылмыстарға қатысты шетелдік азаматтар да күдікті деп танылды. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары да бар», – деді Берік Асылов. Отырыстан соң тілшілер Берік Асыловтан «қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар? «олардың ат-жөндері туралы» сұраған еді. Бас прокурор ұйымдасқан топ басшыларының бәрі анықталғанын айтқанмен, есімдерін ә дегеннен атай қоймады. Дегенмен өзін қыспаққа алған журналистерден оңай құтылмасын сезсе керек, «негізгі ұйымдастырушылар ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды» деп құтылды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасы бойынша 4 623 қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Олардың көбісі – адам өлтіру, ұрлық, қару-жарақтың заңсыз айналымы, бұзақылық, бөтен мүлікті қасақана бүлдіру қылмыстары. 20 мыңнан астам азаматтан жауап алыныпты. Отырыс кезінде тәркіленген қару-жарақ та көрсетілді. Полицейлер 4000 данадан астам отты қару тауып алды деді еліміздің бас полицейі Марат Ахметжанов. 4160 қару және 57 000 оқ-дәрі табылды. Оның 964-інің қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғандығы анықталды. Ал қалғандарына сараптама жасалуда. Қылмыскерлердің қолында мыңға жуық қару болған. Олар мұның бәрін қолдануды жоспарлаған.
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан. Олардың ішінде ең белсенділері: «Арман Жұмагелдиевтің тобы», «Айшуақ», «Жайтүгел» және «қазақстандықтар». Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, 37 нысан қалпына келтірілген. Ол үшін 31 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Зардап шеккен кәсіпкерлік субьектілеріне 16 миллиард 700 миллион теңге көлемінде өтемақы беріліпті. Ал ел президенті Қасымжомарт Тоқаев бүгін Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.