CaspianLife, 21 желтоқсан -Биыл мектептер мен балабақшаларда жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастыруға рұқсат етілді. Өйткені өңірдегі эпидахуал тұрақты, ешқандай шектеу жоқ. Мұны Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды Caspian Life.
Дегенмен ол білім беру ұйымдарында өтетін жаңа жылдық кештер үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынатынын айтады.
«Аниматорлар мен фотографтарды шақырып, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Бұл барлық мектептер мен балабақшаларға ортақ талап», — дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Сәдуақасова.
Қаладағы білім беру ұйымдарында жаңа жылдық ертеңгілік 29 желтоқсан күні кешкі сағат төрт пен жетінің арасында өтеді.