CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды. Мұнда әзірге жергілікті 15 шебердің жұмысы қойылған, деп хабарлайды Caspian Life.
Орталықтағылардың сөзінше, алға қарай олардың қатары одан әрі артуы мүмкін. Өйткені кез келген қолөнершінің осы жерге өз туындысын қойып, көрме ұйымдастыруына мүмкіндік бар.
«Ашылу салтанаты Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұнда атыраулық шеберлердің қолөнерлері қойылған», — дейді қолөнерші Оғаша Қарашева.
Орталық өкілдері қолөнер шеберлері үшін таптырмас алаң ашылғанын айтып қуанышты. Себебі таланттардың басын біріктіретін арнайы орынның қажеттігі туралы көптен айтылып жүрген. Ол жоспар орындалды. Енді тек біріге отырып жоспарларды жүзеге асыру ғана қалды.