CaspianLife, 19 желтоқсан — Атырауда тәуелсіздік күніне орай 2010-2011, 2012-2013 жылғы балалар арасында жүзуден ашық чемпионат өтті. Жарысқа қалалық 200 жас спортшы қатысты, деп хабарлайды Caspian Life.
Турнир басталмай тұрып осы жылы республикалық жарыстар мен чемпионаттарда жақсы нәтижемен көзге түскен 11 жүзуші марапатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай байқаулар спортшылардың кәсіби машығын арттыру үшін ұйымдастырылады.
«Мұндай турнирлер бізде жылсайын өтеді. Осы арқылы спортшыларымыз республикалық жарыстарға, чемпионаттарға және Азия жарыстарына дайындығын арттырады. Бұл қалалық жарыста жеке клубтар қатысуда. Мысалы олардың қатарында Infinity, world class сияқты орталықтар бар. Және жаңаөзендіктерде бізге қонаққа келді», — дейді ұйымдастырушылардың бірі Ернұр Кулиев.
Жарыста бақ сынағандардың бірі — Жансейіт Жанбосын. Оның жүзумен кәсіби түрде айналысқанына 3 жылға жуықтаған. Соған қарамастан жас спортшы республикалық турнирлерде үздіктер қатарынан табылылып жүрген көрінеді.
«Жаттырықтырушымыз бізді бірінші орынды алуға дайындады. Әрине аз-мұз қиын болғаны рас. Мен алға қарайда жүзумен айналыса беретін боламын. Болашақта Дмитрий Баландин сияқты олипиада чемпионы болу ойымда бар», — дейді Жансейіт Жанбосын.
Спортшылар турнир кезінде жүзудің еркін, шалқалап жүзу сияқты бірнеше түрінен жарысты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жыл сайын жастардың осы спорт түріне деген қызығушылығы артуда. Ал жергілікті жүзушілер болса қазірдің өзінде үлкен додаларда жақсы нәтижекөрсетіп жүр.