CaspianLife, 14 желтоқсан — Жылыойда 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Акцияның негізгі мақсаты — зорлық-зомбылықтың жолын кесуге ықпал ететін іс-шаралар туралы халықты ақпараттандырып, олардың полицияға деген сенімін арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау.
«Акция барысында халық көп шоғырланған жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сенім телефоны көрсетілген жадынама таратылды», — дейді Жылыой аудандық ПБ ЖПҚ бөлімшесінің аға инспеткоры Рысты Мұханова.
Акция аясында 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, 870 адам қамтылған. Ауданда былтыр зорлық-зомбылыққа қатысты 446, биыл 383 дерек тіркеліпті.