CaspianLife, 14 желтоқсан — Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды CaspianLife.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 1957 азамат хабарласса, оның 1567-і жұмыспен қамтылды. Тұрақты жұмысқа тұрғандар 938 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына 101 адам, жастар тәжірбиесіне оқу бітірген 80 адам жастар тәжірбиесінен өтуге жолданды. Жастар тәжірибесін аяқтаған 26 адамның 16-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Ақылы қоғамдық жұмысқа 457 адам тартылды. Қоғамдық жұмысты аяқтаған 250 адамның 94-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жаңа жоба шеңберінде алғашқы жұмыс орнына 9 адам, күміс жас жобасына 8 адам, ұрпақтар келісім шарт жобасына 1 адам жұмысқа жолданды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жастар мен көп балалы аналарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытында республикалық бюджеттен 40 азаматқа 49 млн теңге мемлекеттік грант берілді. «Бастау Бизнес» оқыту курсына аудан бойынша 126 адам қатысып, арнайы сертификат алды», — деді Д.Шамұратов.